$ 498.34  519.72  4.85

Жезқазғанда партия өкілдеріне арналған семинар-тренинг өтті

«Нұр Отан» партиясының Жезқазған қалалық филиалында «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік» тақырыбында көшпелі семинар-тренинг өтті. Кездесуге Жезқазған, Сәтбаев Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарынан белсенді партия мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты. Алғашқы болып сөз алған «Нұр Отан» партиясының Жезқазған қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлмира Қаженова семинар-тренинг жұмысына сәттілік тілеп, тізгінді «Нұр Отан» партиясы жанындағы саяси менеджмент мектебінің аймақтық лекторы Меруерт Мамыроваға ұсынды.

 Аймақтық семинар-тренингті өткізудегі басты мақсат саяси билік феномені туралы білім деңгейін арттыру және «Нұр Отан» партиясының оны жүзеге асыру процесіне қатысу ерекшеліктерін талдау болды. Саран қаласынан келген Меруерт Мамырова жиналған белсенді «нұротандықтарға» «Қа-зақстан Республикасының Пре-зиденті Н.Назарбаевтың «Төр-тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан хал-қына Жолдауының негізгі ережелері», «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру елді табысты жаңғырту шарты ретінде», «Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі саяси билік: саяси билік ұғымдары, белгілері, субъектілері мен типтері» тақырыбында баяндама жасап, Елбасы қойған тапсырмаларды орындауда «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің рөлін анықтап берді.

– Елбасының жыл сайынғы Жолдауын күтетініміз белгілі. Өйткені, бұл маңызы зор стратегиялық құжатта мемлекетіміздің даму-ындағы маңызды мәселелер қамтылады. Мемлекет басшысы өз мәлімдемесінде еліміз жаңа әлем көшбасшысына айналу үшін 10 нақты тапсырманы ұсынды, – деген баяндамашы биылғы Жолдаудағы әр басым бағытқа кеңінен тоқталып өтті де, еліміздің дамуына үлкен серпіліс әкелетін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының кезең-кезеңмен жүзеге асып жатқанын алға тартты.

– «Нұр Отан» партиясы еліміздің әр өңірінде ІТ-сыныптарды ашуды қолға алғаны белгілі. Мысалы, Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, партияның бастамасымен елімізде бір мыңдай IT сыныптары ашылады. Онда жылына 150 мың оқушы бағдарлама жасау мен робот техникасы бойынша тереңдетілген білім алады. Осы жоба аясында биылдың өзінде 280 сынып ашылды. Бүгінге дейін Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау облыстары мен Астана және Алматы қалаларында 59 сынып ашылған. Бұл жобаларға «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен. Сонымен қатар, IT компаниялары мен өңірлердегі оқу орындарының жанынан IT саласына жылына 35 мың маман даярлайтын орталықтар ашылмақ. Бұндай орталықтарға алдымен жұмыссыз және өзін-өзі қамтыған жастар тартылады, – деген Меруерт Мамырова семинар-тренинг қатысушыларына рөлдік ойындар ойнатты. Түрлі сауалдар төңірегінде өз ойларын ортаға салып, талқылау жұмыстарына белсене қатысқан «нұротандықтар» «Нұр Отан» партиясының саяси билікті іске асыруға қатысу дағдыларын жіті меңгерді. Семинар-тренинг соңында қатысушыларға аумақтық деңгейде оқуды табысты аяқтағанын куә-ландыратын сертификат табысталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары