$ 481.84  531.33  5.07

Ақ халаттылар да Жолдауды қолдайды

Жезқазған қаласының медициналық колледжінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазанында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстелі өтті. Шараның басты мақсаты – Мемлекет басшысының жаңа жолдауын, оның әр тармақтарын жүйелі және айқын іске асыру мақсатында тарихи құжаттың негізгі ережелерін талқылау.

Айтулы іс-шараға колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айна Абилдаева қатысып, Елбасымыздың биылғы жылғы жаңа жолдауы, оның мемлекетіміздің дамуындағы орны мен рөлі және негізгі мәселелері жөнінде сөз сөйледі.

Іс-шараға колледждің 1-2 курс студенттері Жезқазған қаласының медициналық колледжінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер оқытушысы Қайырлен Ораз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын бағдарламалық құжаттың негізгі ережелерін түсіндіру бойынша «Елбасы Жолдауының негізгі бағыттары» атты баяндамасында студенттерді жаңа жолдаудың негізгі бағыттарымен таныстыра отыра, бұл бағыттардың қоғамның және мемлекеттің дамуындағы мән-маңызына, Елбасының жолдауындағы әрбір тапсырманың көкейкестілігіне студенттердің назарын аударды.

Колледждің 247 «Мейіргер ісі» тобының студенті Асыл Өтебаева жаңа Жолдау бойынша «Білім – басты бағдар» атты баяндамасында Қазақстанның дамуын айқындайтын жолдаулар ішіндегі биылғы жолдаудың білім беру саласына қатысты қойылған міндеттер оқушыларды, студенттер мен жастарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін және ортақ мақсатқа топтастыратын тарихи құжат ретінде бағалады. Болашақ дәрігерлер еліміздегі білім саласының даму деңгейі мен Жолдауының білім саласын өркендетудегі рөлі мен ықпалы туралы өз ойларын ортаға салды.

Колледж студенті Балнұр Сембина Елбасымыздың Жолдауындағы денсаулық сақтау мәселесіне тоқталды. Студенттер денсаулық сақтау саласындағы проблемаларды сәтті шешу үшін болашақ мамандардың білікті болу қажеттігін айтып, бұл Жолдау медицинаны өркендететіндігіне сенім білдірді.

Елбасының Қазақстан халқына арналған бұл үндеуі болашаққа, жас ұрпақ пен жастарға арналып отыр. Оның жүзеге асырылуы барлығымызға қатысты. Келесі жылды Елбасымыз «жастар жылы» деп жариялауы студенттердің айрықша қызығушылығын тудырды. Мемлекетіміздегі жастар проблемасын шешуге ерекше назар аударғандығына студенттер ризашылық білдіріп отырғандығын жеткізді. Медициналық колледж студенттері Елбасы Жолдауының қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін беретін жаңа құжат деген тоқтамға келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары