$ 498.34  519.72  4.85

Басты назар – әлеуметтік салада

Елбасының биылғы Жолдауының жөні бөлек. Үндеуді талқылауға жиылған қалалық Ардагерлер кеңесінің мүшелері осындай оймен бөлісті.

Енді әр сала бойынша жүктелген міндеттерді Үкімет орындауға кіріспек. Сонымен бірге құқық қорғау саласын реформалау, коммуналдық төлемдердің тарифін реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесі Жолдауда толық қамтылды. Мұнан бөлек Қазақстанның аймақтық даму стратегиясына баса мән берілді. Кеңес төрағасы Айып Байқасынов Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталған Жолдауы әлеуметтік сипатта деп атап өтті. Елбасы білім беру, денсаулық сақтау салаларынан баса назар аударуды тапсырды. Сонымен қатар, 2019 жыл – жастардың жылы деп белгіленді. Бұл ел болашағы жастарға жағдай жасау деген сөз. Елбасының «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыруды тек ірі қалаларда ғана емес, Жезқазған сияқты моноқалаларда да қолға алу керек дейді Айып Асылханұлы.

В.Куприянов Жолдауға қатысты өз пікірін білдірді. Ол медициналық қызметкерлердің тапшылығын сөз етті.

- Ауруханалардың жұмысы біршама жақсарып, қазіргі жаһандану процесіне сәйкес адамдарды техника ауыстырып жатқанымен, оларды басқаратын маман жоқ. Бұрынғыдай ұзын-сонар кезекке тұрып, керек дәрігерге жолдама алудың қажеті жоқ. Компьютердің бір батырмасын басып қабылдауға жазылуға болады. Бірақ, қазір ақ халаттылар сол компьютерге байланып қалғаны соншама, алдына келген науқасқа қарамастан медициналық картаны толтыра бастайды,- дейді қария.

Қалалық ішкі саяст бөлімінің бас маманы Әсем Жұмағұлова Елбасының «спортпен шұғылдануды әдетке айналдыру керек» деген сөзін салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақ тәрбиеллеуге шақыру деп түсіну қажет дейді. Сонымен қатар, Елбасы бұл Жолдауда ұстаздар мен тәртіп сақшыларының мәртебесін белгілейтін белгілі бір реформа қабылдау керек деген. Өйткені, бұл екі мамандықтың да қоғамда қадірі кетіп бара жатқандай. Алдағы уақытта қабылданатын құжаттар бұл олқылықтың орнын толтыратындай.

Арайлым ЕРҚОҢЫРОВА

Суретті түсірген Ғалия ӘБДІҒАППАРОВА

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары