$ 487.37  532.94  5.09

Қырағы қызметкерлерге құрмет

Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қылмыстық іздестіру қызметі, ақпараттық-аналитикалық қызметі және штаб бөлімдерінің құрылғанына биыл 100 жыл толды. Осыған орай қалалық Ішкі істер басқармасында салтанатты жиын өтті.

Қылмыстық іздестіру қызметінің ең басты міндеті қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ, азаматтардың жеке қауіпсіздігі мен заңды мүдделерін қорғау. Бұл ретте, қандықол қылмыскерлер дер кезінде ұсталып, кез келген қызмыстың жедел ашылуына мұрындық болып жүрген қылмысты іздестіру құрылымдары қызметкерлерінің атқаратын рөлі оразан зор.

Ал қылмысты ашудың негізгі кілті – ақпарат. Басты мақсат – қылмысты тергеуге, ашуға, қылмыс жайлы алдын ала ескертугесептігін тигізетін ақпаратпен ІІБ құрылымдық бөлімдерін қамтамасыз ету. Бұл мәліметтер қорын, жедел-анықтамалық, іздеу және криминалистикалық, өзге де автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді дамыту мен өндіруді талап етеді. Ақпараттық-аналитикалық қызметтің маңызы осы орайда білінеді.

Мерекелік жиында қырағы мамандық иелерін алғаш болып Жезқазған қаласы Ішкі істер басқармасының бастығы, полициця полковнигі Амангелді Құрманов құттықтады. Ол өз сөзінде қылмыспен күресудің алдыңғы шебінде жүрген қылмыстық іздестіру қызметкерлері қандай мақтау мен марапатқа болсын лайық екенін атап өтті. Сонымен қатар, Жезқазған қаласының ІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қайыржан Бұзаубаев, криминалдық бөлімнің жедел уәкілі Думан Айтбаевқа Алғыс хат табыстады.

ІІБ ақпараттық-аналитикалық қызметінің технигі, полиция старшинасы Евгения Коноваловаға «Ақпараттық-аналитикалық қызмет – 100 жыл» төсбелгісімен марапатталды және Ішкі істер департаментінің бұйрығына сәйкес ІІМ белгісі бейнеленген қол сағат сыйға тартылды.

ІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Бауыржан Миссалимов, Қайыржан Бұзаубаев, Асхат Смағұлов, Есенғали Қасымбеков, Алмаз Хамитов, Ерлан Әбділдаев, Нүриден Қайрақбаев, Руслан Көжеғұлов, Ержан Әбдірашит, Бауыржан Досанов, Алмас Қасымбеков, Думан Айтбаев, Марғұлан Каримов, Айнұр Мұқанова, Нұрәлем Арыстан, Мағжан Қаражігітов, Нұржан Құлжабеков, Азамат Сәбитов, Кенжетай Апеев, Жаңбырбай Тухинов, Сергей Гапанюк, Болат Жылқышинов, Ержан Сәрсенов, Бауыржан Нұғыманов, Қуаныш Қали «Қылмыстық іздестіруге – 100 жыл» мерекелік төсбелгісіне ие болды.

Бұндай айтулы мерекеде осы салада талай жыл еңбек еткен ардагерлер де назардан тыс қалған жоқ. өзінің өмірлік және қызметтік тәжірибесімен бөлісуге дайын тұратын ақпараттық-аналитикалық қызмет майталмандарының кеуделері тағы бір медальмен толықты.

Олардың қатарында Бектұрған Әбдібеков, Орынбасар Бейсембаева, Рая Ахметова, Ақбілек Ибраева бар.

Штаб-бөлім бөлімшесінің ардагерлері Константин Шегай, Аманғали Кишенов, Алтынай Дүйсенбекова, Ақбілек Сансызбаева, Қалила Төлегенова, Гүлсім Егізекова «Кеңес милициясына – 100 жыл» төсбелгісін тағынды.

Марапатқа толы мерекелік жиында ішкі істер органдарының қызметкерлерімен бірге олардың аналарына құрмет көрсетілді. Өйткені, тәртіп сақшысын да, әскери сарбазды да бағып-қағатын аяулы аналар. Өз елінің патриоты, сертіне адал бүгінгі күннің батырларын тәрбиелеп, өсірген осы асыл жандар. «Ана еңбегі – марапатсыз ерлік» деген жазуы бар медальдар Балташ Саттарова, Сәуле Миссалимова, Нұржалам Сексембаева, Аққыз Өтешова, Шолпан Хамитова, Гүлмира Оралбаева, Тамара Смайылова, Нұрзада Сұрапова, Бейбіт Әленова, Гүлден Хамзина, Мәриямгүл Мусина, Сәуле Ақылбековаға табысталды.

Арайлым ЕРҚОҢЫРОВА

Суретті түсірген Ғалия ӘБДІҒАППАРОВА

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары