$ 514.65  544.6  5.17

«Зорлаған болуы мүмкін»: Өзбекстанда 8 жасар қызды туыс ағасы айуандықпен өлтірген

Өзбекстанның Хорезм облысы Хиуа ауданының 8 жастағы тұрғыны Диана Ахмедова 21 күн бұрын жоғалып кеткен. Оның өлі денесі Пишканак ауылы арқылы өтетін арықтан табылды. Кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның аталас туысы ұсталған деп жазады centralasian.org.

Қыздың ата-анасы үш жылдан бері Ресейде жұмыс істейді. Диана атасы мен әжесінің қолында тұрған. Қыздың атасы Ахмед Якубовтың айтуынша, немересінің өлі денесі үйден жеті шақырым жердегі арықтан табылған.

"Менің кіші інімнің баласы немеремді тұншықтырып өлтіріп, денесін арыққа тастағанын мойындаған соң, құқыққорғау органдары оны арықтан іздестірді. Суды бөгеген соң ғана оның денесі арықтан табылды. Інімнің баласын қамауға алды. Ол неге бұлай жасағанын айтпайды. Бәлкім, ол қызды өлтірерден бұрын оны зорлаған болар, біз бұны білмейміз", - деді Ахмед Якубов.

Хиуа аудандық ішкі істер бөлімі сегіз жастағы Диана Ахмедованы өлтіріп кеткенін растады, бірақ қосымша ақпарат бермеді.

Диананың әкесі Хушнуд Якубов жалғыз қызы жоғалып кеткенін ести салысымен, Өзбекстанға қайтып оралған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары