$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда Алатау ауданының 10 жылдығы мерекеленуде (ФОТО)

Мемлекет басшысы осыдан 10 жыл бұрын Алматыда жаңа Алатау ауданын құру туралы Жарлыққа қол қойған еді.

Бүгінгі күні аудан мегаполистің жедел өркен жайған елді өңіріне айналды, он жыл ішінде аудан тұрғындарының саны 70%-ға өсіп, 250 мыңнан астам адамға жетті. Орталықтандыру қағидасы бойынша мұнда 12 мектеп, осыншама медициналық мекемелер, сонымен қатар 98 мемлекеттік және жеке бала бақшалар ашылды.

Алматы әкімі өзінің сөзінде 10 жыл ішінде ауданды дамытуға 430 млрд. теңге жұмсалғанын, 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылғанын, 2,7 млн.кв.м. тұрғын үй салынғанын айтты.

«Елбасы осы 10 жылда Алатау ауданына 10 рет келді. Мемлекет басшысы ауданның даму барысымен тұрақты танысып, ұдайы қолдау білдіруінің арқасында бүгінде Алатау ауданы қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа орталыққа айналды. Бүгінгі күні қаламыздың әрбір 7-ші тұрғыны Алатау ауданында тұрады, сондықтан жайлы қала кеңістігін құру мақсатында биылғы жылы 600 орынды тағы бір мектеп және 880 орынды төрт жаңа бала бақша іске қосылады. Бұлардан өзге, тағы бір жаңа аурухана мен екі емхана салынады», - деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Ол өзінің сөзінде болашақта Алатау ауданы Алматының қуатты өндіріс орталығына айналатынын айтты. Ел Президентінің индустрияландыру бағдарламасын ұсынған бастамасы аясында мұнда арнайы Индустриалды аймақ құрылды. Қыркүйек айында ғана ауданда жапондық, ресейлік, қытайлық және итальяндық инвестициялар есебінен бірнеше жоғары технологиялы зауыттар ашылды.

Алатау ауданында бірқатар мәдени және спорт объектілері бой түзеді, оның ішінде «Алатау» дәстүрлі өнер театры, дәстүрлі музыканың мультимедиялық орталығы, Қолөнершілер орталығы, Универсиада мұрасы - «Алматы Арена» және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жеке қаржы есебінен салынған жеңіл атлет стадионы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары