$ 495.2  522.34  4.94

Көкшетауда 17 жастағы бозбала мұзды суға батып бара жатқан оқушыны құтқарып алды (ВИДЕО)

Оқиға 3 қараша күні болған. Көкшетаудағы Қылшақты өзеніне 8-9 жас шамасындағы бала түсіп кетіп, оны сол маңда кетіп бара жатқан кездейсоқ куәгер - 17 жастағы бозбала құтқарып алды. Анықталғандай, кішкентай оқушы мұздың үстінде ойнап жүрген сәтте мұз сынып кетіп, ол суға батып кете жаздапты.

Құтқарушының есімі - Темірлан Шәріпбаев, ол Зеренді ауданының тумасы. Бозбала Көкшетауда құтқарушының оқуын оқып жүр екен. Бала кезден осы кәсіпті меңгеруді армандапты. Ал, өзінің батыл әрекетін ол мүлдем батырлыққа баламайды, тек адамдық борышымды ғана атқардым дейді.

Темірланның әкесі - бапкер, анасы - мұғалім. Өзі 9-сыныптан кейін көпсалалы колледжге оқуға түсіпті. Оқиға болған сәтте ол жаттығудан келе жатқан екен. Өзен жағасында жиналып тұрған адамдарды көріп, шұғыл сол маңға қарай жүгірген.

Абырой болғанда, Темірланмен бірге тағы бір адам суға түсіп, екеулеп жүріп баланы жағаға шығарып алыпты. Әзірге, екінші құтқарушының кім екені анықталмай жатыр. Ол да аязды күні суға бас салып, Темірланды демеп жіберген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары