$ 498.34  519.72  4.85

Алматыға ұзындығы 22 метрлік жаңа автобустар әкелінді

Алматыда көлік реформасы аясында қаланың қоғамдық көлігін жаңарту жалғасуда. №99 бағыт бойынша ұзындығы 12 метр болатын жаңа автобустар жүретін болады, олар «Көктөбеден» «Әйгерім» ықшам ауданына дейін барады.

Төмен еденді автобустар кондиционерлермен, видеобақылау камераларымен, еңкейгіш жүйемен жабдықталған және Евро-5 экологиялық сынып талаптарына сай.

Сонымен қатар, «Әйгерім» ықшам ауданындағы Байтенов мен Майкоп көшелерінің қозғалыс бөліктерінде ұзын көліктердің жүруіне мүмкіндік жоқ, сондықтан бағыт сызбасына шағын өзгертулер енгізілді, соңғы аялдама Садовая көшесіне дейін ұзарады.

Жаңа автобустар аталған бағыт бойынша биылғы жылдың 29 қазанынан жүре бастайды.

Айта кетерлігі, жыл аяғына дейін Алматыда қоғамдық көліктің үлесі 87 пайызға жететін болады. Жақын күндері қалаға тағы 200 жаңа автобус келді.

«Ескі әрі түтін шығаратын автобустар қалада жүруі тиіс емес. Егер көрсетілген қолдауға қарамастан жеке тасымалдаушы жылжымалы составты жаңаламаса, онда олармен келісім бұзылады. Жаңа технологияларды енгізіп, болашақта бір көліктен екіншісіне тегін ауысуды қарастырған жөн. Жолаушылардың көлік жұмысына қанағаттануы – тасымалдаудың басты критерийі. Жеке көлікті қазіргі деңгейде ұстап тұру үшін лайықты балама ұсыну қажет», - деді кеше жаңа автобустардың тұсаукесерінде Бауыржан Байбек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары