$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды

Алматыда «Smart City» жобасы аясында итальяндық инвестиция есебінен еліміздегі ең ірі «Anytime» каршеринг-сервисі ашылды. Жұмыс сапары кезінде мегаполис әкімі Бауыржан Байбек автомобильді минут сайын жалға алуға болатын жаңа жобаның жүйесімен танысты.

«Микро Капитал» халықаралық холдингінің президенті Трани Винченцо өзінің сөзінде бұл жобаның жаңа технологияны ұтымды пайдаланудың жарқын үлгісі екенін, соның арқасында қала тұрғындары уақыттары мен қаржыларын үнемдейтінін әрі мегаполистің жол- көлік инфрақұрылымында жүктемені төмендететінін атап өтті.

«Біз Алматыда жаяу жүргінші инфрақұрылымынң жаңарғанын, көлік реформасының жүзеге асқанын, бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлардың жасалып жатқанын, қала тұрғындарының тұрмыс деңгейінің арта түскенін көрудеміз. Біздің мобильді қосымшамыз арқылы бос тұрған автомобильге ақы төлеп, алматылық агломерация аумағында көлікті тиімді пайдалануға болады. Сервис клиенттері көлікке май құймайды, жумайды, тұраққа ақша төлемейді, белгілі бір жерге қалдырып кете алмайды», - деді Трани Винченцо.

Мысалы, жалға алған көлікпен тек қала ішінде ғана емес, негізгі туристік дестинацияларға, Медеуге, ҮАӨ, тіпті Қапшағайға дейін баруға болады. Автомобильде автоматты қосылғыш, артқы көріністік камера, навигатор және климат реттеуші бар.

Қазіргі кезде жобаға 4 миллион евро инвестиция жұмсалған, «Volkswagen Polи» маркалы 100 автомобиль дайын тұр әрі жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.«Алматыда орташа жалақысы 300 мың теңге болатын 50 жергілікті маман жұмысқа тартылды. Жас әрі өте дарынды, «Болашақ» бағдарламасының түлегі, кезінде «Uber» компаниясында істеген Мұхит Сейдахметовты ерекше атап өткім келеді. Ол менің орынбасарым, барлық өңірлердегі бизнестің дамуына жауап береді. Алматыда қаланы трансформациялау аясында жаяу жүргінші және велосипед инфрақұрылымы жасалғандықтан компанией келесі жылдан бастап электрлі самокаттар сервисін ашуды қарастыратын болады», - деді халықаралық «Микро Капитал» холдингінің президенті.

Айта кетерлігі, жақында Алматы көлік жүйесін кешенді реформалағаны үшін ақылды қалалардың Еуропалық форумының жоғары марапатына ие болды.Конкурс комитеті Алматының көлік реформасын жүйелі жүргізгенін, қоғамдық көліктегі табыстың ашықтығына цифрлық технологияны ұтымды пайдаланғанын, кірісті көлеңкелі айналымнан шығарғанын, жаяу жүргінші және қоғамдық кеңістікті модернизациялау нәтижесінде экологияны жақсартуға басымдық бергенін және басқа негізгі критерийлерді жүзеге асырғанын атап өтті.

Жыл аяғына дейін қоғамдық көліктің үлесін 80%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары