$ 443.44  480.51  4.88

Жезқазғанда тұрғындар арасында латын әліпбиінің емлелері талқыланды

Жезқазған қаласы әкімдігі, «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік қызметшілер, білім беру ұйымдарының қызметкерлері (бастауыш мектеп мұғалімдері, балабақшаның дайындық топ тәрбиешілері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері) мен жоғары сынып оқушылары, ЖОО мен колледждердің оқытушылары мен студенттері және жалпы көпшілік, бұқаралық ақпарат құралдары бір кісідей зор ынтамен қатысты.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекеттік тілді реформалау Рухани жаңғыру бағдарламасы аясындағы ең маңызды, ең өзекті мәселелердің бірі де – бірегейі деген болатын. Ал, латын әліпбиіне көшудің тарихи маңызы тереңде, 2025 жылға дейін толық көшеміз деді. Осы орайда негізгі жобалар іске асып жатыр.

Сондай айшықты кездесуді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы - басты ұйымдастыруышы.

Семинар-тренингтің басты мақсаты Латын графикасына негізделген жаңа әліпби негізінде әзірленген емле ережелерінің мазмұны мен құрылымын түсіндіру, емле ережесіндегі басты жаңалықтармен бөлісіп, көпшілік қауым арасында ғылыми-танымдық көзқарас қалыптастыру, жаңа әліпбиге қатысты мәселелерді көпшілікпен талқылау арқылы халықтың әліпби реформасын оң қабылдауын қамтамасыз етіп, көпшілікпен ғылыми-практикалық байланыс орнату.

Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары Зина Жұманазарқызы Ақылбекова Елбасының Рухани жаңғыру бағдарламасына кеңінен тоқталып, латын графикасына көші заман талабы, тарихи маңызы зор деді.

Іс-шараның модераторы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Орфография бөлімінің жетекші, ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Мамырбек Гүлфар.

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - Қазына» ұлттық ғылыми – практикалық орталығының Орфография бөлімінің аға жетекші, ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Айнұр Сейітбекова, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры Гүлназ Мұстағұлова, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің қазақ тілі білімі кафедрасының доценті ф.ғ.к. Мархаба Тұрсынова және «Жезқазған қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Тілтану» оқу-әдістемелік орталығының директоры, ф.ғ.к. доцент Ғазиз Ештанаев кіріспе сөз сөйлеп, баяндамаларын жасады.

Осыдан кейін пікіралмасуға көшті. Ғылыми сараптамадан өткізілген емле ережелерінің жобасы 2018 жылғы 27 қыркүйекте Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия қарауына ұсынылды. Ұсынылған жоба мазмұны осы шара барысында көпшілікке ғылыми тұрғыдан түсіндіріліп, емле мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Сондай-ақ, ақпараттық-насихаттық шарада орфографиялық, терминологиялық және әдістемелік жұмыс топтарының мүшелері мен тілші ғалымдар жаңа әліпбиге көшудің мәні мен емледегі өзекті мәселелер жөнінде баяндама жасап, ереженің негізгі қағидаттарымен және басты жаңалықтарымен таныстырды.

Ізтөлеу ТҮСІПОВ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары