$ 498.34  519.72  4.85

Жастар зиянды әдеттерге қарсы

«Нұр Отан» партиясының «Жастар Отанға» атты партиялық жобасы еліміздің түпкір-түпкірінде сәтті жүзеге асуда. Соның бірден-бір дәлелі ретінде «Нұр Отан» партиясы жанындағы аймақтық «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен өтетін ауқымды шараларды атауға болады.

Жуырда Жезқазған қалалық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында аймақтық «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы Абай Бағчайдың тікелей жетекшілігімен «Зиянды әдеттер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Жезқазған қаласы емханасының психологы әрі үйлестірушісі Жанат Орынтайқызы Әденова жастармен кездесіп, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау мен оларды жеңуді жолдары төңірегінде әңгіме өрбітті.

– Бүгінгі күні қоғамның аса өткір проблемалары – темекі шегу, нашақорлық және алкогольді шектен тыс тұтыну. Әсіресе, осы зиянды әдеттер жастар арасында жиі кездеседі. Зиянды әдеттер тұтастай алғанда қоғам өміріне кері әсер етеді. Қазіргі уақытта бұл мәселелер шын мәнінде жаһандық проблемаға айналып отыр. Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, осы зиянды әдеттерге әуес жастар арасында қылмыс пен құық бұзушылық үдеп тұр. Сондықтан, бұл мәселені жұмыла шешу күнтәртібінен түспек емес. «Жалғыздың үні шықпас» демекші егер аталған проблемалдың бірі сіздің бойыңызда болса, оны жасырмай көптің көмегімен шешуге тырысу қажет. Өйткені, ауруын жасарған өледі. Ал, зиянды әдеттер кесел тудыратфны ешкімге жасырын емес, - деп сөзін жалғаған психолог ішімдік ішу мен шылым шегу жастардың арасында бастапқыда «сән» үшін пайдаланады дегенді алға тартты.

Қатарластарынан қалмай, қызық үшін зиянды әдеттің біреуін байқап көрген қыз-жігіт қалайша тәуелділік пайда болғанын сезбей қалатын көрінеді. Осы ретте, Жанат Орынтайқызы бала тәрбиесіндегі кемшіліктерді қозғап, жиналған жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерге «жоқ» дей білуге шақырды. Және қажет жағдайда психлолг маманы ретінде қолдан келер қолдауы мен көмегін аямайтынын жеткізді.

Дөңгелек үстел барысында жастар да өз ойларын ортаға салып, замандастарының арасында бұндай проблемалардың барын жасырмай айтты. Сонымен қатар, жалындаған жастар зиянды әдеттерге қарсы екенін байқатты.

Кездесу соңында сөз алған Жанат Әденова оындай жігерлі жастардың өсіп келе жатқанына қуанышты екенін білдіріп, еліміздің жарқын келешегі дені сау ұрпақтың қолында екенін тағы бір мәрте еске салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары