$ 498.34  519.72  4.85

Кәсіподақ халыққа қызмет етеді

Оралға «Қазақстанның салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Светлана Иманқұлова келді. Ол облыстағы бастауыш салалық кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен кездесті.

Басқосуда С. Иманқұлова Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті Жолдауын мәдениет, спорт саласының барлық қызметкерлері зор ықыласпен қабылдағанын, көптеген ұйымдарда оны түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін және Жолдауды жүзеге асыру бағытында іс-шаралар жоспары жасалғанына тоқталды. «Елбасының бұрынғы Жолдаулары мемлекетіміздің саяси бағытын, стратегиялық міндеттерін нақты айқындап беретін болса, соңғы құжатта қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құру бағыттары көрсетілген», – деді Светлана Иманқұлова.

Аталмыш салалық кәсіподақтың БҚО филиалының төрғасы Айдар Батырханов мәдениет, спорт, ақпарат қызметкерлері мен жұмыс берушілердің арасындағы еңбек қатынасын реттеуінде мекемелердің ұжымдық шарттарын жасақтауды заңнамаларға және жарғыға сәйкес сауаттылық қажеттілігіне назар аудартты. Еңбекшілер мен қызметкерлердің әлеуметтік, тұрмыстық мүдделері мен құқықтарын сақтауда және оларды үйлестіруде әділ шешімдер қабылдауының қажеттігін, ұжымдық шарттар, салалық өңірлік келісімдерге негізделуі ескерілуі тиіс.

Басқосу соңында бір топ кәсіподақ белсенділері көп жылдық ынтымақтастық пен әлеуметтік әріптестік аясындағы қажырлы еңбегі үшін салалық кәсіподақтың төсбелгілерімен, Құрмет грамоталарымен және алғысхаттармен марапатталды.

Ернар ХАЙДАР,
Батыс Қазақстан облысы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары