$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда сотталғандардың жүйкесін тыныштандыру үшін көгершіндер пайдаланады

Ақтаудағы ГМ-172/8 түзету мекемесінде сотталғандардың жүйкесін тыныштандыру кешені ашылды, деп хабарлады «Қазақпарат».

Бұл түрмеде көгершіннің ондаған түрі бар. Ал кешенге кіре берісінде субұрқақ салынуда.  

— Облыстағы түзету мекемелерінде мұндай кешен алғаш рет ашылып отыр. Жануарлар мен құстар адам жүйкесін қалпына келтіретіні белгілі.  Бір сөзбен айтқанда  ГМ-172/8 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқандар үшін жануарлар мен құстарды күту энергия беріп, теріс қылықтардан алшақтатады.  Сондықтан бұл кешеннің басты міндеті - сотталғандардың психологиялық жеңілденуі, — деп атап өтті Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару департаментінің өкілі Нұржан Жайлыбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары