$ 449.58  486.94  4.86

Астанада болған өрттен екі адам қаза тапты

Елордалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша Астанадағы тұрғын үйде болған өрттен екі адам қаза тапты.  

«20 қыркүйекте сағат 20.02-де Тархан 19/2-ші үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшесі 5 минутта екі  қабатты үйдің шатыры мен кіреберісі отқа оранғанын анықтады. Қызыл жалынды ауыздықтау барысында 2 адамның мүрдесі табылды. Өрттің шығу себебі мен құрбандардың кім екені анықталуда», - делінген хабарламада.

Өрт ауыздықталды. Жалпы алаңы - 120 шашы метр,  9 бірлік техника мен жеке құрамнан 45 адам жұмылдырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары