$ 498.34  519.72  4.85

ОҚО: Жол апатынан 5 адам зардап шекті

ОҚО Қырғұрт ауданында ЖКО орын алып, салдарынан 1 жастағы жасөспірім қайтыс болып, 5 адам жапа шекті. Бұл туралы ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлайды.

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі, сағат 19.00-дер шамасында, Қазығұрт АІІБ-нің кезекші бөліміне Рабат ауылының маңайында  Жібек жолы тас жолының бойында жол-көлік оқиғасы орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер, сағат 18.40 шамасында, 47 жастағы «Shancman»  жүк көлігінің жүргізушісі, Сайрам ауданының тұрғыны, Шымкент қаласына бет алған бағытта, анықталмаған жағдайда, өзінің рөліне ие бола алмай, тас жолдан өтіп бара жатқан екі сиырды соғып, содан соң бір  бағытта кетіп бара жатқан жеті жеңіл автокөлікпен бірінен соң бірімен  кезекпен соқтығысқанын анықтады.

Жеңіл автокөліктердің бірінде болған Шымкент қаласының 2014 жылы туылған тұрғыны жол-көлік оқиғасының салдарынан ауыр дене жарақатын алып, оқиға орнында қаза тапты.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан әртүрлі дене жарақаттарымен 21 жолаушы Шымкент қаласындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, оның ішінде 1972, 1980, 1992 және 1996 жылы туылған 4 жолаушы және  жол-көлік оқиғасын жасаған жүк көлігінің жүргізушісі орта дәрежедегі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Ал, қалған жәбірленуші азаматтар дәрігерлердің қарауынан соң үйлеріне жіберілді.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабымен «Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда оқиғаның орын алу себептеріне эспертиза тағайындалып, анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары