Алматыда бүгін ірі жол апаты орын алды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Жол апаты бүгін таңертең сағат 10 шамасында Байтұрсынов пен Қарасай көшесінің қиылысында орны алды. Оқыс оқиға салдарынан 4 адам жапа шекті.
Қазір аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 1-тармағы бойынша бірыңғай сотқа дейінгі тергеу ісі реестріне тіркелді. Тергеу амалдары жалғасуда.
«Аталған іс бойынша арнайы сараптамалар тағайындалды. Істің мән-жайы кешенді тергеуден кейін анықталады», - деді С.Әзірбек.