$ 443.85  474.3  4.8

10 миллионға жуық пара алған шенеунік босатылды

Павлодар облысының бұрынғы кеңесшісі Төлеген Бастенов сот залынан босатылды. Бұл туралы Павлодар облыстық соты ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Жанар Жұматаева хабарлады деп жазады pavlodarnews.kz.

“Апеллияциялық соттың шешімін облыстық соттың судьясы Ғұмар Суханқұлов жариялады. Коллегия мүшелері Төлеген Бастеновтің бас бостандығынан айыру туралы жазасының өтелмеген мерзімін бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстыруды шешті. Бұрынғы кеңесшінің бас бостандығына 1 жыл 6 ай және 19 күнге шектеу қойылды. Бұл мерзім кезінде сотталушыға пробациялық бақылау бекітілді”, – дейді Жұматаева.

Осылайша, кінәлі деп танылған 64 жастағы Төлеген Бастенов колонияда тағайындалған 3 жыл 6 айдың орнына 1 жыл 9 ай жазасын өтеді. Сот оның зейнеттік жасын, денсаулығының жағдайы мен кінәсін мойындағанын ескерді. Коллегияның шешімі жарияланған сәттен бастап күшіне енді.

Бұған дейін хабарланғандай, экс-шенеуніктің адвокаттары жазаны жеңілдетуге өтініш білдірді.

Еске сала кетейік, үстіміздегі жылдың сәуір айында Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданааралық мамандандырылған соты аймақ басшысының бұрынғы кеңесшісін кінәлі деп танып, жалпы режимдегі колонияда 3,5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Сонымен қатар мүлкі тәркіленген болатын.

Бұрынғы шенеунік кәсіпкерлерден Павлодарда 1200 орындық мектепті салуға мемлекеттік тапсырысты жеңуге «қолғабыс» жасағаны үшін 10 млн теңгеге жуық пара алды деп айыпталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары