$ 494.87  520.65  4.91

«Балаларды кімнен таптым, соған тастадым»: Замира екінші күйеуімен қалай тұрып жатқанын айтты

«Қалаулым» реалити-шоуының қатысушысы Замира Сұлтан тұрмысқа шығуға дайындалып жүргенін, жарнамамен табатын нәпақасы және қазақтар жыныстық қатынас туралы айтуға неге ұялатынын түсіндірді деп жазады Stan.kz.

- Сізді Аман Тасыған «Талқылайық» жобасына шақырып, түрлі жағымсыз сұрақтар қойды. Артынан бағдарламаны таныту үшін сондай қадамға мәжбүрлі бардым деп ақталды. Замираға басқа қандай сұрақ қоюға болады деп те айтып қалды.

– Иә, ең бірінші қонақ болдым оған. Жаңадан ауруханадан шықтым. Неше түрлі сұрақтар қойды. Мен таңғалдым сізді бұған дейін танымасам да осындай журналистер бар екен ғой деп. Екеуміз қалжыңдасып өткіздік. Екеуімз әрі құрдаспыз. Оған деген көзқарасым дұрыс. Өзіне мен арқылы жарнама жасап алды деп түсінемін. Сол адамдардың қоятын сұрақтарын, адамдарға қызық сұрақтарды қойды маған да. Ұятсыз, ұрыс-керісі көп сұрақтары бар болса, әрине, көпшілікке қызық. Менің арқымда өзін-өзі туралы пиар жасап алды. Оған түк ренжімеймін. Себебі ол – журналист. Аманмен қарым-қатынасымыз жақсы негізі, жуырда тағы қонаққа барамын.

- Аманның қаралымы бойынша ең көп бағдарламасы осы сізбен өткізген сұхбаты болды ғой

- Иә, қаралымы көп болғандығы соншалықты, тіпті үстінен шағым түсіргендер де болды.

- Өзіңізді әдемі санайсыз ба?

- Иә, әрине. Өзімді әдемі санаймын. Әр әйел адам өзін әдем санайтын шығар. Менің фигурам 90-60-90 болмаса да, оған назар аудармаймын, фитнесспен айналыспаймын, диета ұстамаймын, дәрі ішпеймін. Бірақ кейбір қыздар сияқты ерінді үлкейтіп, көзді үлкейтіп, мұрынды түзетіп, кеудемді үлкейтіп жатқан жоқпын. Көзім дәу, өзім сарымын, шашым ұзын, тырнақтарым ұзын. Туғанымнан осындай, ешқай жерім өзгермеген. Мен тіпті үйде де керемет күтім жасамаймын, косметологқа барғанда болмаса. Мен боянбасам да өзімді өте әдемі деп санаймын. Тек эфир кезінде ғана боянамын, онда да бетті тегістейтін крем мен опа ғана. Менің көзім дұрыс көрмесе де көзім ең ерекше, ең үлкен, өзімді әдемі әйел ретінде санаймын.

- Тұрмысқа шықпай тұрып, маған бірнеше жігіт керсек, секс күнде керек деп айтып қалдыңыз. Бұл хайп па?

- Жоқ, бұл хайп емес. Бұл менің бұрынғы күйеуім туралы әңгіменің ішінен алынған. Мен ажырасқан кезде бір емес, екі жігітпен кездестім, неге деген кезде, бір жігітпен кездесіп жүріп, ол жұмыста болып қалса қиын, себебі төсек қатынасы болмаса, тұра алмаймын деп. Сондықтан бір емес, екі жігітпен кездесіп жүрдім, Саят, Азамат есімді жігіттермен, бір күн біреуімен, келесі күні – екіншісімен.

- Инстаграмм парақшаңыз, танымалдылығыңыз сізге табыс әкеле ма?

- Адамдардың барлығы «Қалаулымға» жазылушылар санын көбейтуге барса, мен «Қалаулымнан» шыққан кезде, бағдарламаның шеф-редакторы Шахкерім менің барлық әлеуметтік желілердегі парақшаларымды, бәрін өшіріп тастады. Мен Астанаға Ляйлә Сұлтанқызының бағдарламасына барған болатынмын. Сол үшін ол ренжіп, неге менің рұқсатымсыз барасың деп өшіріп тастады. «Мә, өшірсең өшір, пиарщица емеспін, мен адал қызбын, маған Құдай өзі береді, ұятың болса, еркек болсаң өшір» деп. Өшіріп тастады. Инстаграмдағы ұсыныстардан тек өзіме қажетін аламын, сән салондарына түрлі шараларға, тырнақ-кірпік, киім, аяқ киім дегендей. Ақша істеп жүрген жоқпын бірақ. Бұл менің оныншы инстаграм парақшам екен.

- Қыз-келіншектерге қандай кеңес айтар едің?

- Мен білмеймін, көп кеңес айта алмаймын өмірге қатысты. Нақты сұрақ болмаса. Ең маңыздысы,  ерте тұрмысқа шыққан әйел ретінде айтарым -ерте күйеуге шығудың қажеті жоқ, мен кезінде отбасылы болмасам, карьера қуып, жұмыс істеп кетер ме едім, үйде отырып қалмас па едім деп ойлаймын. Ал қазір 17 жаста байға шығып, үйде отырып қалған әйелмін, жұмысқа икемім келмейді, келсе де жалқауланып кеткенмін. Сондықтан айтарым – бай-бай деп қуалай бермей, еркектерге сенім жоқ, ерте тұрмыс құрмай, жұмыс істеп алыңдар. Еркектерге сеніп алданып қалмаңыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары