$ 498.34  519.72  4.85

Қытайлық музей қызметкері: «Қазақстан Қытайдың жері болатын...» (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде қытайлық музей қызметкерінің Қазақстан территориясы туралы айтқан видеосы қызу талқыланып жатыр. Белгілі ақын, журналист Ұларбек Дәлейұлының жазуынша, музей маманы біздің елдің аумағын Қытайдың жері болған депті.

Бейнежазбада қытайлық қыз музейге келген туристерге Қазақстан Қытай жері болғанын айтып таныстырған. Видеодағы көрініс Қытайдың Құмыл аймағына қарасты Баркөл қаласындағы қазақ тарихына қатысты музейде түсірілген екен.

«Анау сөйлеп тұрған гид қытай қызы: «Қазақстан бұрын қытайдың жері болатын. Чиң патшалығы кезінде, патша Сычидың әлсіздігінен бізден бөлініп қалған» деп өтірікті суқитып тұр. Қазақ Елінің меншігіндегі байтақ даланы қытайға теліп, «айырылып қалғандарын өкінішпен» еске алып, жазатын тарихшылары мен зиялылары – осынау оңбаған идеяны үнемі өз халықына және шеттен келетін туристерге тықпалаумен келеді», – деп жазды Ұ.Дәлейұлы өзінің Facebook-парақшасында.

Сондай-ақ, ол қытайдың қазақ жерін жаулап алу саясатын біртіндеп жүргізіп жатқанын осы бейнежазбадан аңғаруға болатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары