$ 494.87  520.65  4.91

«Астана-Мәскеу» бағытындағы пойыздар заманауи вагондармен толықтай жаңартылады

Үстіміздегі жылдың 15 шілдесінде жаңа 10 жолаушылар вагонынан құралған Астана-Мәскеу бағытындағы №71/72 халықаралық жолаушылар пойызының 1-ші құрамы жолға шығады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 

Компания ақпаратына жүгінсек, барлық вагондар заманауи ауа баптау жүйесімен, «Жүгіртпе жол» ақпараттық тақтасымен, бейнемониторлармен, бейнебақылау жүйесімен жабдықталған, штаб вагонында автоматты көтеру құрылғысы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы купе бар.

«Жаңа корпоративтік талаптарға сәйкес вагондарды қызмет көрсету жабдықтарымен қамту жұмыстары аясында пойыз құрамы жаңа төсек жабдықтарымен, ыдыс-аяқтармен, жолаушылар үшін көрнекі ақпараттармен қамтылды», делінген хабарламада.

2014 жылдың тамыз айының ортасына дейін №71/72 Астана-Мәскеу пойызының 3 құрамының барлығын да жаңа жолаушылар вагондарымен қамту жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, Осы  жылы сатып алуға жоспарланған «Тверь вагонқұрылысы зауыты» ААҚ құрастырған 52 жаңа жолаушылар вагонының 24-і алынып, оның 18-і Астана-Мәскеу бағытындағы пойыз құрамын жаңалауға бағытталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары