$ 444.22  476.38  4.82

Астанада вандализмнің жолы кесілді

Астана қаласының ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнекамераның көмегімен көпірлердің бірінде орнатылған шамдарды сындырып жүрген ер адамды анықтады, деп хабарлайды astana.kz. 

Жол-патрульдік полиция қызметкерлері оқиға орынына жедел жетіп, тәртіп бұзушыны ұстаған. Ол 9 шамды сындырып үлгерген. Ұсталған азамат Аумақтық ІІБ жеткізілді және заң бойынша жауапқа тартылатын болады. 

«Биыл қаланың келбетін жақсарту мақсатында 8 млн. гүл мен 6,5 мыңға жуық ағаш отырғызылды, қоршауларға мыңнан астам құмыра орнатылды. Аудандарда гүлдерден 40 астам геометриялық пішіндер, аспалы «гүл ағаштары» орнатылса, ғимараттар мен құрылыстарда декоративтік көмескі жарық жасалды», делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары