$ 494.87  520.65  4.91

Полиция әлеуметтік желіде таралған даулы бейнежазбаның Өзбекстанда түсірілгенін айтты

28 қаңтарда Түркістан облыстық полиция департаменті әлеуметтік желілерде «Түркістан облысының Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылында бірнеше өзбек жігіті екі қазақ жігітін тепкіледі» деп таралған видеоның облыс аумағында түсірілмегенін хабарлады.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл бейнежазба Өзбекстан аумағында түсірілген, Түркістан облысына қатысы жоқ.

Оқиғаның Қарабұлақ ауылында болмағанын Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Дәурен Болыс та растады. Оның айтуынша, Өзбекстан бас прокуратурасы оқиғаның Наманган облысының Нарын ауданында болғанын, тергеу амалдары басталғанын мәлімдеген.

27 қаңтар күні әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада бірнеше жігіттің екі жігітті аяусыз соққы жығып, тепкілеп жатқаны түсірілген.

Дереккөз: Азаттық

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары