$ 522.49  547.88  5.06

Жаңа реформа бойынша жаңа сынақтар енгізіледі 

«Кәсіби аппарат мемлекеттік қызметтің абыройын асырады» деп есептейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Ахметов.

Оның мәлімдеуінше, Ұлт жоспары – қоғам мен мемлекетті қайта өзгертуге бағытталған, одан әрі өркениетке бастайтын құжат. Ел келешегінің табысты болуына жетелейтін бұл құжат ағымдағы тарихи сатыда еліміз үшін айрықша және жоғары стратегиялық құндылыққа ие.

- 100 нақты қадамның қай-қайсысы да өзекті мәселелерді қамтыған. Басты назар – кәсіби мемле­кеттік аппаратты құруға бағыт­талғанын ерекше айта кету абзал. Себебі, өз ісін жетік білетін, білімді әрі білікті, талантты, өз мамандығына адал мемле­кеттік қызметшілер елге қызмет етпейінше, бұл реформаларды іс жүзіне сапалы асыру мүмкін емес. Бір белестен екінші белес­терді ала отырып, дамудың нақты бағдарлары және айқын да сал­­­­мақты стратегияларды белгілеп алға ұмтылып, басты меже ал­­дыңғы қатарлы отыздыққа ену үшін қажырлы да жасампаз еңбек ету қажет. Бұл жан-жақты даму Қазақстанды өмірдің жаңа жоғары стандарттарына жақындатады, - дейді департамент басшысы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысының мәлімдеуінше,  «100 нақты қадам», елімізде «2050» Стратегиясын жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, негізгі бағыттан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын үшінші кезең болып табылады.

- Жаңа реформа нәтижесінде мемлекеттік қызметке әрбір кандидаттың жеке қасиеттерін бағалау үшін жаңа сынақтар енгізіледі. Сала мамандарын іріктеудің тәртібі күшейтіледі. Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталады. Мемлекеттік қызметтің мәртебесіне деген құрметтің төмен сатылы қызметтік орындардан басталуы лауазымды тұлғаның қандай қиындықта да оңтайлы, тығырықтан алып шығар шешім қабылдауына, ұжым­ды ұйыта білуіне негіз қа­лайды, - деп атап өтті Мұрат Ахметов.

Департмент басшысы мемлекеттік қызметші­нің жұмысын бағалау үшін автоматтандырылған жүйенің енгізілуін құптайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары