$ 448.89  477.93  4.76

Әзірет Сұлтан мешіті қайырымды жандардан 1 тәулікте қайғы жамылған отбасына 13 млн теңге жинады

4 ақпан күні Астанада өрттен қаза тапқан 5 қыз баланың ата-анасына 1 тәулік ішінде 13 млн теңге жиналды. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиұлы хабарлады.

 Бас имамның айтуынша Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қайғыдан қан жұтқан отбасыға жылу ретінде ақша жиналыпты. 

«Мейірімді жандардың арқасында бір тәулікте жиналған ақша  13 миллион теңгені құрайды. Бұл ақша марқұмдардың отбасына табысталады. Осы сәттен бастап шотқа ақша жинау тоқтатылады. Егер марқұмдардың отбасына көмек бергілеріңіз келсе, олардың картасына аудара аласыздар», – дейді Мақсатбек Қайырғалиұлы.

Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

5 қазан күні жүздеген елорда тұрғыны марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды. 

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев марқұмдардың жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары