Қоғам 05.02.2019 сағат 08:30  522

Назарбаев өрттен қайтыс болған 5 бала жайлы: «Бұл жағдай қайталанбауы үшін шаралар жүргізілуі керек»

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өрттен қаза тапқан 5 баланың туыстары мен жақындарына көңіл айтты деп жазады informburo.kz.

Назарбаев өрттен қайтыс болған 5 бала жайлы: «Бұл жағдай қайталанбауы үшін шаралар жүргізілуі керек»
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Кеше қаламызда  қайғылы жағдай болды. Өрттен бір отбасының 5 бірдей баласы көз жұмды. Марқұмдардың ата-анасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа зардап шеккендерге қажетті көмек пен қолдау көрсетуді тапсырдым», – деді Назарбаев.

Сондай-ақ елбасы өңір әкімдері өрт қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, қажетті тексерулер мен қоғамдық жұмыстар жүргізетінін және бұл жағдай қайталанбауы үшін барлық шараларды қабылданатынын жеткізді. 

Еске сала кетсек, 4 ақпанда Астанадағы аудандардың бірінде кенеттен шыққан өрттен 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылғы 5 қыз бала қаза тапты. Оқиға болған сәтте олардың ата-аналары үйде болмаған.

5 қазан күні жүздеген елорда тұрғыны марқұмдарды ақтық сапарға шығарып салды. 

 

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар