$ 498.34  519.72  4.85

Астана әкімдігі қытымыр аязға байланысты тегін такси ұйымдастырады

Қала әкімдігі үнемделген қаражат есебінен Astana Taxi-мен бірлесіп «Жылы сапар» акциясын өткізеді, деп хабарлайды Елорда Инфо Астана қаласы Қалалық ортаны регенерациялау басқармасына сілтеме жасап.

​Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шарты аясында, қалалық әкімдік үнемделген қаражат есебінен ASTANA TAXI-мен бірге «Жылы сапар» акциясын өткізеді. 7 ақпан күні ASTANA TAXI автомобильдері қалалық автобус бағдарларымен жүріп, жолаушыларды тегін әрі жайлы жеткізетін болады.

«Егер сіз автобус аялдамасында тұрсаңыз немесе көшеде такси тоқтатқанда ASTANA TAXI көлігі келсе, таң қалмаңыз. Осылайша біз сіздермен жақсылықты бөлісеміз. Акция, әсіресе сағат 22:00-ден кейін автобустар жұмысын тоқтатқан кезде маңызды», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада #ЖақсылықЖаса #ДелайДобро хештегімен акция өтті. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар қала тұрғындарын аязда бір-біріне көмектесуге және жұмысқа немесе үйге жеткізуге шақырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары