$ 494.87  520.65  4.91

«Балалардың басы құрттап жатыр»: Төрт баласының басына жара шыққан ана дәрігерлерге наразы (ВИДЕО)

Шымкентте көпбалалы ананың төрт баласының да басына жара шығап, ем таба алмай сенделіп жүр. Ол өткен жылдың желтоқсан айында Шымкент қаласының Тері аурулары ауруханасында ем алған. Алайда, балалардың басындағы іріңдеген жаралар жазылмастан дәрігерлер науқастарды ауруханадан шығарып жіберіпті. 

Бұл туралы шымкенттік танымал заңгер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Оның айтуынша, көпбалалы ана ауруханадан шыққан соң, төрт баласын ақылы зертханаға апарып анализ тапсырған. Сөйтсе, ондағы дәрігерлер «инфекция жұқпалы және жара балалардың қанына өтіп кеткен» деген диагноз қойыпты. Ал, мемлекеттік аурухана дәрігерлері балалар инфекциядан таза деген қорытынды шығарып беріпті.

«Түн ішінде төрт баланың анасы Ұлжан хабарласты. Төрт баласының басына жара шығып, 2018 жылы желтоқсанда Шымкент қаласының Тері ауруларын емдейтін ауруханаға барған екен. Біраз уақыт ем алып болған соң, балалардың жағдайы жақсарды, шыға беріңіздер деп үйлеріне қайтарыпты. Алайда, балаларының басындағы жаралары іріңдеп, қызуы көтеріліп ауыра бастаған соң емханаға қайта келген. Тегін жату үшін құжат рәсімде, портал арқылы келесің деген соң, бүкіл құжаттарды ауылға барып дайындап, ертесіне емханаға келіп анализ тапсырыпты. Бір қызда инфекция бар, қалған үшеуінде жоқ деп қорытынды шығарып берген. Артынша сол емханадағы ақылы лабораторияға барып, тағы анализ тапсырыпты. Ол жерде балалардың бәрінде жұқпалы инфекция бар деп диагноз қойған», – дейді Айгүл Орынбек өз Instagram-парақшасында.

Амалы қалмаған ана ауруханадағы дәрігерлерге жақсы емдесін деген ниетпен 25 мың теңге пара берген екен. Алайда, олар сонда да дұрыс қарамаған көрінеді. Осы күні жара әйелдің өзіне де көше бастапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары