$ 447.4  477.55  4.76

Ресей әлем чемпионатында Қазақстан Әнұранын ауыстырып жіберді

Ресейде каратэден өткен әлем чемпионатында Қазақстан Әнұраны тағы да ауысып кетті.

Бұл туралы Алматы арнасы хабарлайды.

Аса ауыр салмақта жапондықты жеңіп, әлем чемпионы атанған Мерей Сүйіновті марапаттау рәсімінде Қазақстанның ескі Әнұраны орындалған. Мұны дереу байқаған спортшы қарсылық танытып, ұйымдастырушылардан Әнұранды ауыстыруын өтінеді.

Спорттық жарыстарда Қазақстан Әнұранын ауыстырып жіберуі бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Бұған дейін еліміздің Әнұраны ретінде Рики Мартиннің де әнін қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Әнұран