11.03.2019, 05:49

«Су ағып жатыр»: Оралдағы Халықаралық әуежайындағы дәретхананың сыйқы жұрттың жағасын ұстатты (ВИДЕО)

Орал қаласындағы Халықаралық әуежайындағы дәретхананың сыйқы жұрттың жағасын ұстатты. Құбырларынан су аққан, едені болса тесіліп қалған.

Осынау сәттегі видеоны «Қазақстан барысы» жобасының авторы Арман Шораев өз Facebook-парақшасында жариялады.

«Мынау Орал қаласының Халықаралық әуежайы дәретханасының түрі. Мынаны Халықаралық әуежай дейді. Су ағып жатыр, мына «плитка» Ленинді көрген плитка-ау шамасы», – дейді кадр сыртында видео авторы.

Халықаралық әуежай дәретханасының сыйқы Арман Шораевтың ғана емес, желі қолданушыларының да сынына қалды.