Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде 2014-2015 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралары жоспарының қорытындылары шығарылды. Сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша департамент тарапынан аудандық, қалалық басқармалармен «тікелей желі» арқылы семинар-кеңес өткізілді.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінде өтініштер «Е- лицензиялау» жүйесі, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және «Бір терезе қағидасы» бойынша қабылданып, қаралуда. Департамент және аумақтық басқармаларға жеке және заңды тұлғалардан 3539 өтініш және 199 арыз-шағым түскен. Түскен арыз-шағымдар мен өтініштер заңмен белгіленген мерзімде қаралып, өтініш иелеріне тиісті құжаттармен жауаптар берілген.
Жыл басынан бері құқық қорғау органдарының (прокуратура, құқықтық статистика органдары, ІІБ, мемлекеттік қызмет) және саяси партия, қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен 5 семинар және 17 «дөнгелек үстел» өткізілген. Бұдан бөлек департамент және аумақтық басқармалардың мамандары 62 семинар өткізген.
Мамандар өз тарапынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында 6 мекемеде семинар (121 адам қатысқан), 12 мекемеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында дәріс (239 адам қатысқан) өткізген.
Мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде заңдылықтың сақталуы қатаң бақылауға алынған. Барлық мемлекеттік қызметшілер табысы, мүлік туралы декларацияны уақытылы тапсырған.
Жыл басынан 30 азамат мемлекеттік қызметке қабылданған, барлығы арнайы тексеруден өтіп, заңмен белгіленген шектеулерді қабылдаған. Департаментте және аудандық, қалалық басқармаларда сенім телефондары орнатылып, нөмерлері тұрақты түрде БАҚ-та жариялануда.
Сенім телефондарына жауапты маман бекітілген. Мемлекеттік қызметкерлердің іс әрекеттеріне шағым келтіруге арнайы жәшік орнатылған. Департаментте қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған. Департамент басшысы оның орынбасарлары жеке азаматтарды қабылдау туралы арнайы кесте жасалынған. Кесте келушілерге қол жетімді жерде жарияланған.