Қоғам 30.09.2015 сағат 04:11

«Жауапсыздық жемқорлыққа жол ашады» атты дөңгелек үстел өтті

Шымкент қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес облыс орталығындағы А.Гайдар атындағы орталық балалар кітапханасында «Жауапсыздық жемқорлыққа жол ашады» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Нұр Отан» ХДП ШҚФ-ның есепке тіркеу және статистика секторының меңгерушісі М.Жұматаева мен «Нұр Отан» ХДП ШҚФ өкілі С.Юсупов, бөлім қызметкерлері мен бөлімге қарасты мекеме басшылары қатысты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

- Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы бітіспес күрес болмай, демо­кра­тиялық қоғам салтанат құрмайды. Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы күрес әркімнің іштей жауап­­кершілігінен басталады. Жауап­кершілік ұғымы Отан, Ана, Ар, Иман ұғым­дарынан кем соқ­пайтын, адам үшін де, қоғам үшін де  кір жуымас қасиеттің бірі бо­луға тиіс. Әсі­ресе, қолына билік пен ха­лықтың қаржысы сеніп тапсырылған мем­ле­кет­тік қызметкерлер  бұл ұғымның қадір-қасиетін қастерлеуі тиіс, - деп атап өтті «Нұр Отан» ХДП ШҚФ-ның есепке тіркеу және статистика секторының меңгерушісі –бас есепшісі М.Жұматаева.

Оның мәлімдеуінше, мем­ле­кет­тік қызметкерлер нақ осы жауапкер­ші­лік ұғымын қастерлемегендіктен, сы­байластыққа  апаратын жолды ашып бе­реді. Тіпті үлкенді-кішілі  лауазым иелері жұ­мыстағы салдыр-салақтықты былай қой­ғанда, ар, ұят жауап­кер­ші­лі­гін де белден басады.

- Мемлекеттің іргесін үңгитін бұл індеттен құтылу үшін де жауапкершілік ұғы­мын әр қызметкер ұлық тұтуы керек. Ал ұлықтайтын ұғымның қа­сиет­ін қастерлемесе, оның киесі ұрады. Бұл – халқымыздың  даналығы, - дейді ол.

«Нұр Отан» ХДП ШҚФ өкілі С.Юсуповтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық - өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі, экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

- Сыбайлас жемқорлық, әсіресе, мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді, - деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар