$ 447.4  477.55  4.76

Әкесінен айрылған Кәрім Мәсімов қайғысына ортақтасқан xалыққа алғысын білдірді (ФОТО)

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов 8 сәуір күні өмірден өткен әкесі Қажымқан Мәсімовті еске алып, твиттердегі парақшасына жазба қалдырды. Ол бірнеше күннен бері қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатқан көпшілікке алғысын білдірді.

«Осы күндері біздің қайғымызды бөліскен баршаңызға алғысымызды білдіреміз. Мәсімовтер отбасы», - деп жазған ол әкесінің «Аманат» атты   кітабының сілтемесін де жүктеп қойған. 

Автор бұл кітабында «Ата көрген оқ жонар» деген халық даналығын арқау етіп, өзі және отбасы жайлы, өзі өмір сүрген кезеңнің оқиғалары туралы баяндайды, замандастары, өмірден алған сабақтары туралы әңгімелейді. 

Кітап естелік жанрында жазылған.

Мәсімов кітап жанына әкесі жайлы түсірілген роликтерді де жүктеген. Онда Қажымқан жары жайлы былай дейді: 

«Мен өзімді бақытты адаммын деп есептеймін. 1963 жылы Элеонора үйленгенімде екеуміз де студент болдық. Омскіде танысып, Омскіде той жасадық. 50 жыл өтті. Бір-бірімізді ренжіткеніміз есімде жоқ. Бір де бір рет «қайда барасың?» деп сұрамаған менен».

Қажымқан Қасымұлы Мәсімов 1939 жылы 18 сәуірде дүниеге келген. 

1969 жылы Омбы темір жол институтын бітірді;

1974 жылы Павлодар индустриалды институтын бітірді;

1989 жылы Алматы дене шынықтыру институтын бітірді.

Қазақ туризм және спорт академиясының спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры;

«Ақпараттық қоғамды дамытудағы еңбегі үшін», «Менеджердің медалі» және «Қазақстанның даңқы» және «Экономика Мақтанышы» жеке номиналды ордендерімен марапатталған, сондай-ақ Э.В., «Медицина және фармация саласындағы халықаралық Socrates Award» атағына ие болды. 

2008 жылы Ресей Федерациясы Академиясының толық мүшесі болып сайланды.

79 жастағы Қажымқан Мәсімов - Қазақстан ұлттық қауіпсіздік кеңесі төрағасы, бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімовтің әкесі. Агроөнеркәсіп палатасы баспасөз қызметінің дерегінше, Қажымқан Мәсімов «Мәсімов сауықтыру орталығы» жеке компаниясының директоры, Қазақ туризм және спорт академиясы спорттық медицина кафедрасының құрметті профессоры, Қазақстан йога ассоциациясының президенті қызметін атқарды.

Еске сала кетейік, қоғам қайраткері, «Қазақстан ұлттық агроөнеркәсіп палатасының» президенті Қажымқан Мәсімов 8 сәуір күні 80 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

9 сәуір күні Алматы халқы Қажымқан Мәсімовті ақтық сапарға шығарып салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары