$ 494.87  520.65  4.91

Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандарға тиесілі өтемақы төленбеген

Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдарға 2 миллион теңге кем төленген, деп хабарлайды ATPress.kz

Атырау облысы прокуратурасының сайтынан алынған ақпаратта көрсетілгендей, Индер ауданында мүмкіндігі шектеулі адамдарға заңнамада көрсетілген, мерекелік және атаулы даталарға берілетін әлеуметтік төлемдер жасалмаған.     

Бұндай жағдай 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін орын алып, аудандық прокуратураның тексеруі кезінде анықталған. Қадағалау органының араласуынан кейін 151 мүгедекке екі миллион теңгеден астам сомада кепілді әлеуметтік көмек төленген. Жұмыспен қамтамасыз ету бөліміндегі кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары