Риддер маңындағы Бутаково ауылының тұрғындары соттың көмегіне жүгіну үшін қалаға барып, уақыт жоғалтпайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Таяуда ауылда «Виртуалды сот» кабинеті ашылды. Бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Мұндағы басты мақсат – ауыл халқына қолайлы жағдай жасау.
Кабинеттің ашылу салтанатына қалалық соттың төрағасы Ғалия Оспанова қатысып, ауыл тұрғындарына жылы лебізін білдірді. Жергілікті тұрғындардың бірі Анна Лукьянова басшылыққа алғысын білдірді.
«Сот процесіне бейнеконференция арқылы қатысып, қаражат пен уақытымызды үнемдейтін болдық. Бұл қуантарлық жағдай», - дейді Анна Лукьянова.