$ 444.32  473.33  4.76

Нұр-Сұлтанда күн суытады

Ертең елордада жаңбыр жауып, оның арты қарға ұласады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Синоптиктердің хабарлауынша, 15 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын болады (қар аралас жаңбыр). Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +10...+12°С құрайды. 

«16 мамырда жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +13...+15°С. 17 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 5-10 м/с құрайды. Сынап бағанасы түнде +1...+3°С, күндіз +19...+21°С болады», – делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары