$ 494.87  520.65  4.91

Белгілі журалист ауызашарды ифтар деп атамауға шақырды

Белгілі журналист Мәди Манатбек қазақ xалқының еліктегіштігіне налып, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазба қалдырды. Ол жұртты қолданыстағы ауызашарды арабша «ифтар» сөзімен ауыстырмауға шақырды.

 «Қанша қазаққа, қанша қазақы азаматқа, аузының дуасы бар деген қанша танымал тұлғаға «ифтар» емес, «ауызашар», «ауызашар», «ауызашар» деп талмай айтып келеміз. Сонда да қоймай ифтар дейді. Ауызашар туралы көлемді мақала жазып, бір сөзді қайталай бермес үшін қолданса бір сәрі. Бізге ауызашарға келіңіз, бірге отырып ауыз ашайық дегеннің не ыңғайсыздығы бар?

Әлде қазақтың сөзі боғауыз болып естілетіндей жиіркенішті жағдайға жетті ме? Қазір дәмханаларға барсаң ифтар мәзірі деп тұрады. Бұны кім қадағалайды өзі? Имамдардан, тіл комитеті мен тіл басқармаларанынан өтінсек бола ма?», - деді ол. 

Сондай-ақ журналист көпшіліктен  тілге құрметпен қарап, оны кірме сөздермен ластамауды өтінді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары