$ 449.3  489.69  4.89

Орал тұрғыны: Күйеуім тастап кетті, 5 баламмен орманға барып тұратын шығармын

Орал тұрғыны Вероника Зайка көпшіліктен көмек сұрайды. Жұмыссыз үйде отырған әйелдің басында баспанасы жоқ. Ай сайын жәрдемақы ала алмай отыр.
Мой город
Мой город

Орал тұрғыны Вероника Зайка көпшіліктен көмек сұрайды. Жұмыссыз үйде отырған әйелдің басында баспанасы жоқ. Ай сайын жәрдемақы ала алмай отыр, деп жазады Мой город басылымы.

Әйелдің айтуынша, бастапқыда баланың бір жасына дейін 20 мың теңге мен көпбалалы ана ретіндегі 10 мың теңге жәрдемақыны алып отырған. Күйеуі де 120-130 мың теңге жалақы алатын. Қазір күйеуі отбасын тастап кеткен. Атаулы көмек алуға да кедергілер бар.

«Табыс күнкөріс деңгейінен асып кеткендіктен бізге жәрдемақы бермейтіндерін айтты. Пәтер иесі де 30 мамырға дейін үйді босатуды сұрады. Күйеуім басқа әйелмен тұрып жатқанын, отбасынан кететінін айтты. Ажырасуға арыз бердік. Бірінші күйеуімнен де, екінші күйеуімнен де алимент ала алмаймын. Олар жұмыссыз жүргендерін айтты. Не істейтінімді білмеймін, орманға барып палатқада тұратын шығармыз», - дейді әйел.

Ал, жұмыспен қамту орталығы Верониканың былтырғы жылы шілде мен желтоқсан айына дейін 300 мыңға жуық атаулы көмек алғанын айтты. 

«2019 жылдың ақпан айында ол 37 мың теңге көлемінде біржолғы қаржылық көмек алды. Биылғы жылы атаулы көмек тағайындалмайды, себебі адамға шаққандағы кіріс 23 мың теңге болды, яғни бір адамға тиісті кедейлік шегінен асып түсті. Оның сөзіне қарағанда, ол қазір жұбайымен бірге тұрмайды, ол ажырасу және алиментке арыз берген болса, сот 2019 жылдың 28 мамырында өткізілуі тиіс», - деді жұмыспен қамту орталығы.

Көпбалалы ананың кенжесі 1 жасқа да толмаған. Үлкендерінің алды мектепке, балабақшаға барады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары