$ 494.87  520.65  4.91

«6 айлық баланы тәтесі алдыртып тастамақ болған»: Алматыда зорлаған 16 жастағы қыз жүкті боп қалды

16 жастағы қыз баланы зорлап кеткен
Фото: bolivspinenet.ru
Фото: bolivspinenet.ru

Бұл туралы блогер Айдын Тоқсанбаеваның жазғанына қарағанда оқиға Алматыда болған сыңайлы. 

Қайырымдылық жасау арқылы танылған @janym_baklajanym лақап атымен танылған Тоқсанбаева сәбидің өмірін аман алып қалуға өзі себеп болыпты.

«Қасиетті айда Құдай айдап, 16 жастағы қыздын 6 айлық баласын «ҰЯТ» болмасын деп, «жанашыр Жанна» тәтесі қыздың да денсаулығын ойламай, дәрігермен келісіп, кеше кешкісін баланы жоқ қылуға үлкен «үлесін» қоспақ болған. Ешқайсысын танымасақ та арласып кеттік. Баланы өлтіруге жол бермедік. 

Қызды өз туған аналарымен алып кетуге барғанымызда «жанашыр Жанна»  тәтесі «бала сау емес, қан кеткен» деп ақталмақ болды», – ол сәбиді УЗИ арқылы көріп, ұл екені анықталғанын айтады. 

Әрі дені сап-сау баланы дәрігерлер шамамен 12 тамызда дүниеге келеді деп болжап та үлгеріпті. 

«Зорлаған жанмен де кездестік, іс сол кезде заңмен шешілмегендіктен қазір жігіт барлығын жоққа шығаруда. Оның барлығы батыр бала дүниеге келгенде 100% анықталады», – деп жазды Айдын желідегі парақшасына.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары