$ 498.34  519.72  4.85

Түркістан облысында мектеп оқушылары ұялы телефондарын сатып, басқа қалаға қыдырып кеткен

Түлкібас ауданында мектепке кеткен балалар Шымкент қаласынан табылды. Олар ұялы телефондарын сатып жіберіп, түскен ақшаға басқа қалаға қыдырып кеткен.

Түлкібас ауданында мектепке кеткен балалар Шымкент қаласынан табылды. Олар ұялы телефондарын сатып жіберіп, түскен ақшаға басқа қалаға қыдырып кеткен, деп хабарлайды SN.kz тілшісі жергілікті полиция бөлімшесіне сілтеме жасап.

Балаларын шарқ ұрып іздеген ата-аналар Түлкібас аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Кәмелетке толмаған оқушылар мектепке кітап өткіземіз деп кетсе керек.

Кейін анықталғандай, балалар мектепте мұғалімдеріне көрініп, жарты сағаттан соң кетіп қалған. Олардың «Алматы-Термез-Ташкент» тас жолының бойында Шымкент қаласы бағытына қарай автокөлік тоқтатып тұрғандары анықталады.

Шымкент қаласында қыдырып жүрген жерінен қолға түскен оқушылар ата-аналарына тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары