$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік ветеринарлар қора-қопсыны дәрілеуге кірісті

Сала мамандарының мәлімдеуінше, қырым-қанды қызбасына қарсы залалсыздандыру жұмыстарына 6 бригада жұмылдырылыпты. Жоспар бойынша олар 76 мың ірі қара мен 120 мың уақ малды дәрілеуі тиіс.

Қора-қопсы мен жапсарлас аумақты дәрілеу үшін бірінші кезекте төрт түлік иесі қыс бойы қордаланған мал қиын тазартуы тиіс. Мамандарының айтуынша, әр шаршы метрге есептелген 4 грамм ұнтақ дәрінің әсері сол кезде көбірек болады. Жоспарға сәйкес, 1 миллион 950 мың шаршы метр қоражай мен жапсарлас аумақтарға дәрі шашылады. Әзірге қаладағы төрт ауданда 420 мың шаршы метр қора өңделді.

Айта өтейік, төрт түлікті дәрілеуге қажетті 1600 тонна сұйық, 16 мың тонна ұнтақ дәрі қоймада дайын тұр. Ветеринарлар тек ірі қараны бүркуге ауа райы қолайсыз екенін айтады. Соған қарамастан 17 мың мүйіздіге дәрі шашылыпты. Елді мекендерде ұсақ малды тоғытуға арналған 21 әуіт бар. «Ветеринариялық қызмет» МКК директорының орынбасары Төрәлі Жұбанов «Біз жыл сайын әуіт санын көбейтуге әрекеттенеміз. Қазір қолда бар әуіттер жеткілікті және көбіне жылжымалы әуіттерді пайдаланамыз» дейді.

Санитар дәрігерлер 2 мыңнан астам кене жинап, зертханаға өткізген. 176 кене сынамасынан 4 кене қырым-қанды қызбасына қарсы оң нәтиже беріпті. Алда күн ысыса, кене санының көбейері заңдылық, сол себепті сақ болуға шақырады. Әзірге Шымкент қаласы бойынша 257 адам кене шақты деп шағымданыпты.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент #Кене