Жиын майданда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Мұнан соң Ұлы Отан соғысының ардагері Төрегелді Зорбанов, тыл ардагерлері Кеңес Үмбеталиев пен Ирина Репина сахнаға көтеріліп, олардың ерліктері жайлы естеліктері тыңдалды.
Басқосуда сұрапыл соғыс жылдарынан сыр шертетін сахналық қойылымдар қойылып, славян этномәдени бірлдестігі жанындағы шығармашылық ұжымдар мен мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарлама көпшіліктің назарына ұсынылды. Шара соңында ардагерлерге сый-сияпат жасаған қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Наталья Романова жұртшылықты арамызда азайып бара жатқан ардагерлерді барынша құрметтеп, қадірлеуге шақырды.
«SN.kz»-ақпарат.