$ 494.87  520.65  4.91

Желтоқсанның соңында -46 градустық аяздар орнайды

Синоптиктердің мәлімдеуінше, биылғы қыс қаһарына мініп, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы әдеттегі нормадан төмендейді. Сондай-ақ, жауатын қар мөлшері де биылғы қыста ерекше көп болмақ. Бұл жайында ҚР ІІМ ТЖК төрағасы Валерий Петров мәлімдеп отыр.

«Қазгидромет" синоптиктерінің болжамынша, қараша мен желтоқсан айлары жауыншашынды болады, қар молынан жауып, бұрқасындатады. Ал, желтоқсанның үшінші онкүндігі мен қаңтар айларында аяз күшейеді: оңтүстік пен оңтүстік-шығыста және батыс облыстарда -27-37 градус аралығында күн аяз болса, батыс аймақтың кей жерлерінде температура -42 градусқа дейін төмендейді. Ал, солтүстік пен шығыста және орталық Қазақстанда термометр бағаны -36-46 градус суықтықты көрсетеді» деп мәлімдеді Петров Астанадағы ОҚК брифингінде.

Ақпан айында да қар көп мөлшерде түсіп, дауылды желдер орын алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары