$ 449.58  486.94  4.86

Шымкентте әлемдік тәжірибе негізінде үш саябақ салынбақшы

Шымкент қаласында жыл соңына дейін құрылысы басталатын жаңа саябақтың жобасын жергілікті билік қоғам белсенділерімен тізе қосып талқылап жатыр. Бейнелеу өнері музейіне жиналған суретшілер мен сәулетшілерден, қоғам белсенділерінен құралған топ «Shymkent City» қалашығына жоспарланған саябақтың жобасына қатысты ойларын жаппай ортаға салды.

Кездесу барысында «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов бастамашыл топтың талап-тілектерін жаңа жобада ескеретінін айтып, қала тұрғындарына белсенділік танытқаны үшін алғысын білдірді.

"Shymkent Urban weekend" шарасы екі күнге созылады. Алғашқы күні алматылық Әділ Нұрманов, «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Рашид Аюпов пен қоғам белсенділері қала саябақтарын әлемдік тәжірибе негізінде салыну туралы ойларымен бөлісті. Ал екінші бөлімде нақты ұсыныстар талқыланады» - дейді ұйымдастырушы Тоқтар Әлімбеков.

Жаңа саябақтар жаңа қалашыққа ерекше көрік беріп тұрарына сеніміміз кәміл.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары