$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқарып жатыр

Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Дағдарыс орталығында жедел штаб 2 тәулік бойы тұрақты жұмыс атқаруда. Штабтың құрамында ҚР ІІМ Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамы, Полиция департаментінің, Шымкент гарнизоны әскери полиция бөлімінің, ҚР Ұлттық Ұлан 6506 әскери бөлімінің, қалалық ішкі саясат және дін істері, денсаулық сақтау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармалары мен қала әкімі аппаратының құқық қорғау жүйесі бөлімінің, "ҚазақстанТемірЖолы" АҚ-ның өкілдері қызмет атқарып жатыр.

Жедел штабта тәулік бойы "қауырт желі" ұйымдастырылып, 8/7252/44-94-72, 8/7252/35-33-66 телефон нөмірлері бойынша 5 телефонда департаменттің психолог мамандары, еріктілер жұмыс істеп, тұрғындардан қоңыраулар қабылдауда. Телефон арқылы еліміздің барлық өңірлерден, алыс және жақын шет елдерден 50000-аса қоңырау келіп түсті. Телефон арқылы зардап шеккендерге психологиялық көмек те көрсетілуде. Жедел штабта қаладағы 42 қабылдау эвакуациялық пунктінің жүмысы үйлестіруде. Қазіргі таңда Шымкентте Арыс қаласынан келген 20000-нан астам адам мен балалар тіркелген. Сондай-ақ жедел штабта эвакуацияланған адамдардың тізімі жасақталуда.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары