Кешегі өгей қызын зорлаған намазхан жігіттің ісіне наразы Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасына әдеттегідей эмоциялық жазба қалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Оның айтуынша, өзін шынайы мұсылман санап жүргендердің көбі – жаман жолды насихаттаушылар. Олар әйелді сыйламақ түгілі, адам ретінде көрмейді дейді автор.
«Біз намаз оқимыз, біз мұсылманбыз» деп өгей қызын зорлайды, қыздарды жезөкшелікке жегеді, заңсыз қару-жарақ ұстайды. «Ал енді мұсылманның бір күнәсін көрсең, жасыр", -деп жүрген жамағат, осындай дүниелерді көріп, жасырып жүргендер қаншама, сақалтайлардың арасында?! Ал енді мұсылман бауырларыңды ақтап көріңдер! Намаз оқып, арақ ішеді. Жартылай мұсылман, жартылай шайтан радикалдар бізде өріп жүр. Тағы маған ренжисіңдер, неге радикалдар жайлы жаза бересің деп. Қалай жазбайсың істеп отырған істері қылмыс болса!?» – деді Айгүл Орынбек.
Тіпті, әлгі «намазхан» жігіт әйеліне өзінің соғысқа кетуге де дайын екенін айтып бөскен көрінеді.
«Аллаһу акбар! Соғыста біздің бауырларымызды өлтіріп жатыр. Ал мен болсам мұндамын», – деп басын қабырғаға ұрып айқайлағаны есімде. «Бауырларыма барамын, соғысуға кетемін» дегенді соңғы кезде жиі айтты», - деп отыр әйелі», – деп жазған одан әрі Айгүл Орынбек.
Еске сала кетейік, осыған дейін өгей қызын зорлап келген әке туралы жазған болатынбыз.