$ 449.3  489.69  4.89

«Жындар айналшықтап жүр»: ер адам көңілдестері үшін әйеліне үйден кетуді өтінген

«Маған бостандық бер, сенімен тұрғым келмейді» дейді. Үйде күнде ұрыс. Ата-енеммен тұрамын.

Қайырлы күн, құрметті оқырман, әпке-жеңгелер. Мен бүгін өз басымдағы қиын жағдаймен бөліскелі отырмын.

Тұрмыс құрғаныма 3 жыл болды, екі перзентіміз бар. Мендегі мəселе куйеуімде болып тұр. Соңғы жарты жылдан бері жанұямызды бір жындар айналшықтап жүр, неше түрлі оқиғалар болып кетті, ажырасудың аз алдында тұрмыз.

Күйеуімнің көзіне не жын көрініп жүргенін білмеймін. Отбасылы, балалы-шағалы болса да қыздармен журеді, жас қыздармен "ажырасқанмын" деп танысады екен. Солардың бірімен бірге тұрып та келді. Үндемедім, екі қыздың болашағы үшін үндемей күттім. Үйге кайтып келді, кешірдім.

Күйеуім менің отбасымды сақтағым келетінін түсінбейді. Әлі де қыздармен жүреді. Тіпті менің көзімді бақырайтып қойып басқа қыздармен сөйлеседі. Мен мұндайға қашанғы шыдаймын, онсыз да ол танысқан қыздардың бәріне хабарласып, әйелі екенімді айтып, ажыраспағанымызды айтып ескертемін. Куйеуімнің ажыраспағанын білген қыздар онымен сөйлеспей қояды ғой. Соған күйеуім маған ашуланып, үйден кет деп отыр.

"Маған бостандық бер сенімен тұрғым келмейді" дейді. Үйде күнде ұрыс. Ата-енеммен тұрамын. Олар да біздің ұрысымыздан әбден тойды. Өздерің шешіңдер, екі перзенттеріңді ойлаңдар деп ақылдарын айтады.

Күні кеше ғана тағы бір қызбен қыдырып жүрген жерінен ұстап алдым. Бүкіл жұрттың көзінше ана қызды жұлдым, сөйтсем ол қыз жай ғана доспыз деп ақталды.

Осы жағдайдан кейін күйеуім менімен тұрмайтынын айтып отыр. "Егер сен үйден кетпесең, мен кетемін" деп отыр. Не істеймін, балаларымды әкесіз өсіргім келмейді.

Дереккөз: Алаш айнасы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары