$ 494.87  520.65  4.91

Бөтен еркекпен ойнас жасаған келіншек баласының кімнен екенін білмей, басы қатты

«Ал Ерлан төсекте ыстық, жанып тұрғанымды айтады. Күйеуіммен ешқашан істемеген түрлі дүниелерді байқап көріп, барынша ләззәтқа кенелемін».
фото: zhenskoe-mnenie.ru
фото: zhenskoe-mnenie.ru

Құда баласымен ойнас құрып, ұл босанған келіншектің хикаясы жұрттың қызу талқысына түсті. Күйеуі мен ашынасының арасында жүрген ол жан сырымен бөлісті, деп жазады «Алаш айнасы».

Келіншек Ерлан есімді жігітпен қайнысының тойында танысқан. Сол тойда-ақ араларында ұшқын пайда болған екен.

Содан кейін олар аптасына бір рет кездесетін болыпты. Тіпті, бір жолы күйеуі біліп қала жаздаған. SMS жазып жүргенін байқап, «Кіммен жазысып жүрсің?» деп те сұрапты.

«Ал Ерлан төсекте ыстық, жанып тұрғанымды айтады. Күйеуіммен ешқашан істемеген түрлі дүниелерді байқап көріп, барынша ләззәтқа кенелемін. Ерланның да қиялында шек жоқ. Бұрын мен көрмеген, білмеген қызық нәрселер істейді», - деп ағынан жарылды келіншек.

Оның сөзінше, әйел адамға жыныстық қатынастың тигізер пайдасы көп көрінеді. Құлазыған көңілді көтеріп, адамды жасартатын төсек қатынасы екенін айтады.

«Ерланмен кездескелі бері жадырап, жүзімнен күлкі кетпейді. Өзімді ұшып жүргендей сезінемін. Қыз бен жігіт сияқты жаңа танысып, жүріп жүрген кездегі балғын сезімдер қайтадан оянып, бақыттан басымның айналып жүргенін кімге айтарымды білмеймін. Ерланмен кездескенде ғана өзімді нағыз әйел ретінде сезіне аламын», - деді кейіпкер.

Осылайша, үш айдан кейін аяғы ауыр екенін білген ол не қуанарын, не жыларын білмей абдырапты. Дегенмен бойын қуаныш көбірек билеген екен.

Босанып, дүниеге ұл бала әкелген әйел сәбиінің кімнен екенін өзі де білмейді.

«Кейде өз-өзімнен жиіркенемін, бірақ баламды көріп, жиіркенішім басылады. Күйеуім мұның бәрінен бейхабар, әрине. Оның көзіне қарасам, кейде қуыстанамын. Жүктілік кезінде, босанғасын Ерланмен қарым-қатынасты үзуге тура келді. Бірақ, оны жадымнан шығарған емеспін. Балам алты айға толғанда өмірімде Ерлан қайтадан пайда болды. Өзімнің ішкі сезімдерімді өзім түсінбей әлекпін», - дейді ол.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары