2016 жылғы 1 қаңтардан бастап коммуналдық қызметтер тарифтері өзгереді. Заңға сәйкес, табиғи монополия субъектісі реттелетін қызметтерді тарифтердің шекті деңгейлері бойынша ұсынуға міндетті. Тарифтің шекті деңгейі 5 жыл ұзақмерзімді кезеңге белгіленетін болады.
Жаңа тарифтік саясат коммуналдық салаға тартылатын инвестициялар көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде табиғи монополиялар субъектісі ұсынатын қызметтердің сапасы мен сенімділігін арттырады.
Қазіргі кезде «Астана-РЭК» АҚ электр энергиясын тарату және үлестіру бойынша тарифі ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт/сағ үшін 2,89 теңгені құрайды, 2016 жылы бұл тариф ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт үшін 3 теңге, 2017 жылы ҚҚС қоса есептемгенде 1 кВт үшін 3,06 теңге; 2018 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт/сағ үшін 3,08 теңге; 2019 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт үшін 3,10 теңге ; 2020 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 кВт үшін 3,11 теңге болады.
«Астана-РЭК» АҚ тарифінің шекті деңгейлерінде қарастырылған амортизациялық аударымдар мен түсім 11 639,7 млн. теңге көлемінде 5 жыл мерзімге инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталатын болады. Қаржы электр желілерін қалпына келтіруге және модернизациялауға, тозған қондырғыларды ауыстырға жұмсалады. Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру аясында ЭКЕАЖ (электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматты жүйесі), релелік қорғауды енгізу, электр нысандарын қалпына келтіру көзделген, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. .
«Астана су арнасы» МКК магистральді құбырлар мен тарату желілері арқылы су жіберу тарифі ҚҚС қоса есептемегенде м³ үшін 72,49 теңгеден 94,25 теңгеге дейін өзгереді. Осылайша, халық үшін орташа тариф 1 м³ үшін ҚҚС қоса есептемегенде 43,73 теңгеден 44,81 теңгеге дейін өседі; халық үшін 3 текше метрге дейінгі тариф ҚҚС қоса есептемегенде 1 м³үшін 35,85 теңгеден 44,81 теңгеге дейін; халық үшін 3 м³ артық тариф – ҚҚС қоса есептемегенде 1 м³ үшін 43,02 теңгеден 44,81 теңгеге дейін өзгереді (тариф өсімі – 4,17%); есептеу құралдары жоқ халық үшін ҚҚС қоса есептемегенде 1м³ үшін 53,78 теңгеден 44,81 теңгеге дейін төмендейді.
Сонымен қатар, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 3м³ дейін және одан артық су тұтыну көлемі бойынша халық үшін сараланған тарифтер алынып тасталады, яғни су тұтыну көлемдері бойынша шектеусіз бірыңғай тариф болады.
«Астана су арнасы» МКК тарифтерінің шекті деңгейлерінде қарастырылған амортизациялық аударымдар мен түсім 6 549,7 млн. теңге көлемінде 5 жыл мерзімге инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға бағытталатын болады. Инвестицияның айтарлықтай бөлігі сумен жабдықтау және су бұру желілерін қалпына келтіруге және модернизациялауға бөлінбек.
«Астана-Теплотранзит» АҚ жылу энергиясын тарату мен үлестіру бойынша реттелетін қызметтердің 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 5 жылға (2016–2020 жж.) белгіленген тариф деңгейлеріҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 070 теңге;2017 жылыҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 134 теңге; 2018 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 202 теңге; 2019 жылы ҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 262 теңге; 2020 жылыҚҚС қоса есептемегенде 1 Гкал үшін 1 325 теңге болады.
«Астана-Теплотранзит» АҚ 2016–2020 жж. арналған инвестициялық бағдарламасы жалпы көлемі 6 370,9 млн. теңге салыммен бекітілді. Қаржының бір бөлігі жылу желілерін қалпына келтіруге, арнайы техниканы жаңартуға жұмсалмақ. Бұл көлік құралдарын жалдауға жұмсалатын шығынды қысқартуға, тозығы жеткен жабдықтарды ауыстыруға, құралдар мен жүйелерді сатып алуға мүмкіндік береді.