$ 494.87  520.65  4.91

АҚШ елшісі қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады (ВИДЕО)

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы елшісі Джордж Крол ел тұрғындарын келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен қазақ тлінде құттықтап, бейнеролик жариялады.

"Америка Құрама Штаттары осыдан 24 жыл бұрын Қазақстанда өз елшілігін ашқан бірінші мемлекет. Сол уақыттан бері АҚШ Қазақстанның серіктесі және жақсы досы болып келеді. Тәуелсіздік және Жаңа жыл мерекелері қарсаңында қазақстандықтардың баршасына бақыт, бейбітшілік және еңбектеріне табыс тілеймін. Мейрамдарыңыз құтты болсын!" делінген аталған бейнероликте.

Айта кетейік, бұған дейін де Дж.Крол қазақстандықтарды мемлекеттік мерекелерімен қазақ және орыс тілдерінде құттықтап, бейнеүндеу жариялауды әдетке айналдырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары