$ 494.87  520.65  4.91

Мәжіліс депутаты үсіп қалудың сәл алдында қалған

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Бегентаев кешегі демалыс күндері үсіп қала жаздағанын айтты. Бұл жайында ол өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

Айта кету керек, халық қалаулысы жуырда автоүй сатып алып, биылғы жаз айларында отбасымен бірге еліміздің көрікті жерлеріне саяхаттады. Ал, кешегі аптаның демалысында ол жалғыз өзі Астана маңына осы көлігімен қыдырып шығып, далада қонған.

"Демалыс күндерімді Астана маңында автоүйімде өткіздім. Алғашқы түні аяз болып, жел секундына 20-25 метр жылдамдықпен соқты. Екінші түні -25 градустық аяз орнады. Үш газ баллонын жағып тастадым" деп жазады депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, түнде көлікті жылытатын пеші бұзылып қалып, автоүйдің іші де күрт суынып кеткен. Әбден жаураған ол сыртқа шығып, газ баллонды ауыстырыпты.

"Сол кезде саусақтарым үсіп қалған шығар деп ойладым" дейді Бегентаев.

Таңғы беске дейін көлігін әзер жылытқан депутат демалысында осыншама әбігерге түскеніне ашуланғанын да жасырған жоқ. Абырой болғанда ол дін-аман үйіне оралған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары